Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
440.86 500.77 5.27

Семей қаласында үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары басталды

25-04-2023, 11:02 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов қаладағы үйлердің қасбеттерін бояу бойынша мердігер ұйымдардың басшыларымен көшпелі кеңес өткізді. Биыл Семей қаласында 40-қа жуық үйдің қасбетін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Оған 4 мердігер ұйым жұмылдырылды.

- Үйлердің сырттарын тек бояп қана қоймай, күрделі жөндеуден өткізу керек. Қазіргі таңда үйлердің сылақ қабырғалары құлап жатыр. Қасбеттерді жөндеу кезінде осыған мән берген дұрыс. Боялған қабырғалардың түсі ұзақ жылдар бойы сақталуы шарт,- деді қала әкімі мердігер ұйымдарының басшыларына.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив