Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккен 3141 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

27-04-2023, 11:13 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қала әкімі қаланың санитарлық тазалығына байланысты Жаңа құрылыс ауданындағы аулалар мен көшелердің санитарлық тазалығын тексерді. Тексеру жұмыстарына әкімдік өкілдері мен жергілікті полиция бөлімінің бастығы Елдос Оразалин қатысты.

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қаулысына сәйкес екіайлық экологиялық тазалық акциясы аясында қазіргі таңда 90-ға жуық қоқыс полигондары жойылды. Бірақ қаланы ластап, қатты тұрмыстық қалдықтарды әр жерге төгетін адамдардың саны әлі де азаяр емес. Қазіргі таңда рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккен 3141 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1337 азаматқа айыппұл салынды.

- Қазір полиция қызметкерлері қатаң шаралар қабылдап жатыр. Қаланың шеткері аумақтарында учаскелік полицейлер кезекшілік жасап, жол жиегіне қоқыс төккен азамттарға айыппұл салуда, - деп мәлімделі полиция бөлімінің бастығы Елдос Оразалин қала әкіміне.

Бұған дейін 2 сенбілік өтіп, көппәтерлі 540 үйге арнайы хабарламалар таратылған болатын. Қазіргі таңда қалалық әкімдік қоқыс контейнерларының санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Келесі аптадан бастап қала ішінде жаңадан қоқыс контейнерлары орналастырылатын болады.

Құрметті тұрғындар, сіздерді қаланың санитарлық тазалығына белсенді үлес қосуға шақырамыз. Сенбі күндері ҚТҚ полигоны тұрғындардан қоқысты тегін қабылдайтындығын еске саламыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив