Семейде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерді еске алуға арналған салтанатты шараға интернационалист ардагерлермен қатар әскери қызметшілер, облыстық, қалалық әкімдіктің өкілдері, «Жас ұлан» лицейінің оқушылары да қатысты.
Салтанатты шара алдында Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков жиналғандар алдында сөз сөйледі.
«Сіздерді облыс әкімі атынан келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен, Жеңіс күнімен құттықтаймын. Елімізден сан мыңдаған жауынгерлер түрлі соғыстар майданына аттанып, ақтық демі қалғанша шайқасты. Бүгін біз боздақтардың рухына тағзым етеміз. Елімізде ешқашан соғыс болмасын деп тілеймін», – деді Шалқар Байбеков.
«Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық ұйымының төрағасы Боранбай Бегатов еске алу шарасының маңыздылығын атап өтті
«Біз маңызды мерекелер қарсаңында дәстүр бойынша интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоямыз. Соғысқа аттанған ұлдарын көре алмай кеткен аналарды, майданда опат болған ағаларымыз бен інілерімізді еске алып, от пен оқтың ішінен аман шығып, ортамызға оралған жауынгерлерге құрмет көрсетеміз. Соғыс туралы кітаптан ғана білсек те, әлемде бейбітшілік болуын тілейміз», – деді Боранбай Бегатов.
Интернационалист-жауынгерлердің ескерткішіне опат болғандардың әріптестері, туған-туыстары, сондай-ақ қала тұрғындары гүл шоқтарын қойды. Әскери қызметшілер қаза тапқандарды қару салютымен еске алды.
Тағыда оқыңыз
Бүгін – Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылған күніБатыр ұлдардың ерлігі ұмытылмайдыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ