Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Батыр ұлдардың ерлігі ұмытылмайды

15-02-2023, 16:00 Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 34 жыл толуына орай Аягөз қаласындағы интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі өтті.

Аталмыш шараға аудан әкімі Сейілбек Ысқақов,  Ауған соғысының ардагерлері, Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері, мекеме басшылары мен соғыста опат болған жауынгерлердің туыстары, жас сарбаздықтар және қала тұрғындары қатысты. Жиналғандар ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, ерлікпен опат болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

 – Бүгін біз Ауған соғысында опат болған жауынгерлеріміз бен ардагерлеріміздің ерлігін еске алуға жиналып тұрмыз. Сол бір қатыгез соғыстың аяқталғанына биыл 34 жыл толып отыр. Бұл – біздің тарихымыздағы елеулі оқиғалардың бірі. Қаншама жауынгер бүгінде ортамызда жоқ. Алайда олардың жасаған ерлігі ешқашан ұмытылмайды, – деді  Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов.

Шара барысында ауданның құрметті азаматтары патриоттық тәрбие беруде еңбек етіп жүрген интернационалист жауынгерлерге ризашылықтарын білдіріп, дендеріне саулық тіледі. Сондай-ақ бүгінгі жастар тарихпен мақтануы керектігін, ел үшін ерлік көрсеткен, жанын қиған жауынгерлерді әрдайым есте сақтау керектігін атап өтті. 

Шара соңы қалалық мәдениет үйіндегі көркемөнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив