Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
467.58 543.66 6.44

Қарағайлыда 700-ден астам пәтер салынып жатыр

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли қаланы аралау барысында Қарағайлы шағын ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда аталған ықшам ауданда 13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жұмыстар 2024 жылдың шілде айында басталған. Нысандарды пайдалануға беру осы жылдың тамыз айының соңына жоспарланған.

Жоба аясында жалпы аумағы 67 926 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер бой көтеруде. Оның ішінде пәтерлердің жалпы аумағы 51 090 шаршы метр. Барлығы 712 пәтердің құрылысы жүргізілуде.

Қазір құрылыс алаңында ғимараттардың қаңқасы толық тұрғызылған. Мердігерлер әрлеу жұмыстарын жүргізіп, ішкі инженерлік желілерді тартумен айналысуда. Атап айтқанда, электрмонтаждау, сантехникалық және қасбеттік жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.

Облыс әкімі тиісті сала басшыларына құрылыс сапасы мен мерзімінің қатаң бақылауда болуын тапсырды.

«Халықты баспанамен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Сондықтан құрылыс жұмыстары сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы керек. Тезірек пайдалануға беріңіздер. Қаншама күтіп отырған халық бар», – деді Берік Уәли.

Айта кетейік, тұрғын үйлер тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар аймақ басшысы 29 тұрғын үйдің құрылыс барысын да көрді. Қазіргі таңда жалпы аумағы 22 500 шаршы метрді құрайтын, 414 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы басталған. Жобаны биыл аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив