Кандидат Айткурман Адыкпаев Бородулиха ауданының даму жоспарларын талқылады
2-бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Бородулиха ауданы мәслихатының депутаттығына кандидат Айткурман Адыкпаев аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, Бородулиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, елді мекендерді көркейту, инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру мәселелеріне тоқталды.
Айткурман Адыкпаевтың айтуынша, басты мақсаттарының бірі – Бородулиха ауданының көркеюіне үлес қосу, тұрғындарды толғандырған мәселелерді назарға алып, өңірдің дамуына бағытталған бастамаларды қолдау.
Кездесу барысында тұрғындар да өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
*2 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Бородулиха ауданы мәслихатының депутаттығына кандидат Айткурман Адыкпаевтың сайлау қорынан төленді