Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру жоспарлануда

30-05-2023, 15:20 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі ҚР Үкіметінің "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысының жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық акт "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес әзірленді.

Құжатта 2023 жылы әскери қызметке шақыруға жоспарланатын запастағы офицерлердің жалпы саны, сондай-ақ құрамында запастағы офицерлерді шақыру жоспарланатын мемлекеттік органдардың атаулары қамтылған.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында ағымдағы жылдың 6 маусымына дейін "Ашық НҚА" бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14574403

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив