Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

«Ана үйі» қоғамдық қорының құрылғанына 10 жыл

17-05-2023, 10:33 Думан Кенжеғазыұлы

Кеше Семейдегі «Аналар үйі» қоғамдық қоры он жылдық мерейтойын атап өтті. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов арнайы барып, мерейтойдың куәсі болды.

Түрлі жағдайлардың әсерінен жетім қалған балаларға қамқорлық қана емес, тұрмыстың тауқыметін тартқан отбасыларды қолдау мақсатында құрылған «Ана үйі» он жылдан бері қиындыққа тап болған аналарға психологиялық көмек көрсетумен айналысып келеді. Бүгінгі таңда қоғамдық қордың көмегімен 48 әйел кәсіптік курстарда оқып, жеке кәсібін ашты. Сондай-ақ, 69 ана жұмысқа орналасты.

Өмірдің қиын кезеңін бастан өткерген жас аналар осы орталықтың көмегімен жаңа өмір бастайды. Мұнда оларды тігуге, үй шаруашылығын жүргізуге, құжаттарды, жәрдемақыларды, алименттерді рәсімдеуге үйретеді.

— Қазақ — ешқашан жетімін жылатпаған халық. Жалғызбасты аналарды қолдап, елімізде әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында ашылған «Ана үйінде» 275 ана мен балаға көмек көрсеткен. Осы ретте аналар мен балалардың алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасап қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіремін, — деді Нұрбол Нұрсағатов.

Қала басшысы салтанатты шара барысында құттықтау сөз сөйлеп, орталық қызметкерлеріне облыс әкімі Нұрлан Телманұлының ақ жарма тілегі мен жылы лебізін жеткізді.

Сонымен қатар, қала әкімі ата-анасыз қалған бала ретінде үй кезегінде тұрған, жалдамалы пәтер алуға кезегі келген  «Ана үйінің» тұрғыны Бақытгүл Әлімжановаға пәтер кілтін табыстады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив