Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қала әкімі Қарағайлы шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын тексерді

17-05-2023, 17:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жұмыс бабымен Қарағайлы шағын ауданына барып, Қарағайлыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Қала басшысымен бірге нысандарды тексеруге мердігер ұйымдардың басшылары да қатысты.

Қала әкімі пайдаланылатын құрылыс материалдарының сапасына және объектілерді салу мерзімдерінің сақталуына ерекше назар аударды.

"Тұрғын үйлерді тұрғызу кезінде үйлердің ішкі әрлеуіне де сапалы материалдарды қолдануыңыз керек", - деді Нұрбол Нұрсағатов.

Қазіргі уақытта Қарағайлы шағын ауданында 20 бюджеттік көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада 2024 жылы қолданысқа берілетін тағы 6 үйдің құрылыс  жұмыстары басталады.

Айта кетейік, Семейде ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша 487 пәтерлі 17 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив