Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

"Семей қаласының құрметті азаматы" атағы берілді

17-05-2023, 10:40 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласына еңбегі сіңген бірнеше адамға Құрмет грамоталарымен және  «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағын табыстады.

«Бүгін өздеріңізбен 2023 жылғы  16 мамырындағы  Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешіміне сәйкес, қаламыздың өркендеуі жолында өлшеусіз үлес қосып, көп жылғы жемісті еңбегін Семей қаласының дамуына сарп еткен жандарды құттықтауға жиналып отырмыз. Бұл- мәртебелі марапат»,- деді қала әкімі.

Қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов қаланың дамуына еңбегі сіңген және түрлі салада көш бастап, белсенділік көрсетіп жүрген  О. Шәріпбаевқа, Н. Исаевқа, С. Бақтажаровқа, С Ботабаеақа «Семей қаласының Құрметті азаматы» төсбелгілерін табыс етті.

Сонымен қатар, марапатқа ие болған тұлғалар, өздерінің ақжарма тілектерін де жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив