Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.02 536.18 5.54

Қала әкімі жылыту маусымына дайындық бойынша көшпелі кеңес өткізді

6-06-2023, 16:16 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланған көшпелі жиын өтті.

Оған қала әкімінің орынбасарлары, жауапты бөлімдер мен мекеме басшылары, мердігерлер қатысты. Әкімдік өкілдері Ғаббасов, Орталық, ЦТП-66 жылу қазандықтарында жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Қала әкімі өткен қыста жылу беруге қатысты туындаған мәселелердің қайталанбауы керектігіне тоқталды.

«Өткен қыс айларында жылу беруден проблемалар болғаны рас, жедел ден қоюдың арқасында дер кезінде шаралар қабылданды. Биыл олқылықтардың алдын алуымыз керек. Бұдан бөлек, жылыту қазандықтарындағы жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге аяқтап, жылу желілерін тексеруді ертерек қолға алуды тапсырамын», - деді Нұрбол Нұрсағатов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив