Семей қаласының әкімі жылыту маусымына дайындық бойынша көшпелі кеңес өткізді
Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланған көшпелі жиын өтті.
Оған қала әкімінің орынбасарлары, жауапты бөлімдер мен мекеме басшылары, мердігерлер қатысты. Әкімдік өкілдері Ғаббасов, Орталық, жылу қазандықтарында жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Қала әкімі өткен қыста жылу беруге қатысты туындаған мәселелердің қайталанбауы керектігіне тоқталды.
«Өткен қыс айларында жылу беруден проблемалар болғаны рас, жедел ден қоюдың арқасында дер кезінде шаралар қабылданды. Биыл олқылықтардың алдын алуымыз керек. Бұдан бөлек, жылыту қазандықтарындағы жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге аяқтап, жылу желілерін тексеруді ертерек қолға алуды тапсырамын», - деді Нұрбол Нұрсағатов.
Тағыда оқыңыз
Қала әкімі жылыту маусымына дайындық бойынша көшпелі кеңес өткіздіҚала әкімі жылыту маусымына дайындық бойынша көшпелі кеңес өткіздіАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзі