Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.38 629.46 6.76

Жармалық кәсіпорын Абай облысына 2 млрд. теңге бөлді

6-07-2023, 12:48 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС басқарма төрағасы Кенбейіл Исаев әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында көшелерді абаттандыруға (көгалдандыру, электр жарықтандыру желілері және т.б.) 2 100 000 000 теңге бөлу жоспарлануда:

1 квартал (Уәлиханов көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін);

4 квартал (Дулатов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін);

5 квартал (Қабанбай көшесінен бастап батыр Жамақаев көшесіне дейін).

Бұл меморандум өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы шеңберінде іске асырылатын болады.

Аумақты абаттандыру қаланың инфрақұрылымдық дамуы тұрғысынан маңызды және өзекті мәселесі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив