Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

Бақыршық орта мектебіне жаңа автобус тарту етілді

14-02-2023, 12:30 Думан Кенжеғазыұлы
Бақыршық орта мектебінің ұжымы қуанышты сәттің куәгері болды. Білім мекемесі балалар тасымалын ұйымдастыру үшін жаңа автокөлікке ие болды. 
 
Автобустың кілтін «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС атынан кәсіпорын басшысы Кенбейіл Ордабайұлы мектеп директоры Д. Шаяхметовке салтанатты түрде тапсырды. 
 
Бұл қуанышты оқиғамен Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров құттықтап, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің ауданның экономикалық дамуындағы үлесін атап өтіп, серіктестіктің бас директоры Исаев Кеңпейіл Ордабайұлына Алғыс хат табыс етті.
Осылайша, кәсіпорын тарапынан Әуезов кенті тұрғындарының сұранысына сәйкес, өңірдегі тағы бір әлеуметтік мәселе оң шешімін тапты. Енді жаңа автобусқа қол жеткізген шәкірттер білім ордасына еш қиындықсыз қатынайтын болады. Мектеп автопаркінің жаңаруы оқушылар  тасымалын неғұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.  
 
Әрине, бұл ата-аналар мен мектеп оқушылары үшін қуанышты жаңалық. Кәсіпорынның мұндай қолдауы білім сапасын арттыруға да игі ықпалын тигізері сөзсіз. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив