Бесқарағай ауданының жолдары әкімдіктің назарында
Бүгін Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Батырұлы Мұратов Бесқарағай ауылдық округінің жай-күйін бақылау мақсатында аудан орталығын аралады.
«Жаңадан салынған нысандардың инфрақұрлымын жақсарту біздің басты міндетіміз. Осы орайда биыл аудан орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа үйлердің аумағына жол салу, сондай-ақ демеушілер есебінен салынған жаңа мешіт орналасқан Корнева көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Дәл қазіргі уақытта Корнева көшесінде автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары басталды. Аталған нысанға барып жұмыс барысын тексеріп, жұмысты сапалы мерзіміне сай аяқтауды тапсырдым. Ауылдық округті аралау барысында ауылдың тазалығын басты назарға алуды тапсырдым. Ата кететі жайт, қазіргі таңда аудан орталығында, ауылды көгалдандыру мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмыс жасауда. Ауылдың гүлденуі әр қайсымыздың қолымызда. Қасиетті өлке Бесқарағай ауданының гүлдену жолында бірге болуға шақырамын»,- деді өз сөзінде аудан әкімі Талғат Батырұлы.
Тағыда оқыңыз