Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.49 627.7 6.75

Долон ауылдық округінде саяси жағдайы тұрақты - Талғат Мұратов

10-06-2023, 15:48 Думан Кенжеғазыұлы

Баршаңызға мәлім WhatsApp мессенджерінде және әлеуметтік желілерде Бесқарағай ауданы Долонь ауылының тұрғындары арасында Ертіс өзенінің түбінде алтын кенді өндіру үшін ҚХР азаматтары келгені туралы ақпарат тарала бастаған болатын. 

Осы орайда Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Заманбекұлы Байбеков пен арнайы құрылған жұмыс тобы Долонь ауылының тұрғындарымен кездесті. 

Кездесу барысында ауыл тұрғындарына толығымен түсіндірме жұмысы жүргізілді және «Ertis Mining» ЖШС-нің директоры ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Алдағы уақытта Долон ауылында, Ертіс өзенінің жағасында ешқандай завод құрылысы болмайтындығын түсіндіріліп, ауыл тұрғындарына алдағы уақытта тек ресми ақпараттарға сену қажеттілігі айтылды. 

«Қазіргі уақытта Долон ауылдық округінде саяси жағдайы тұрақты»,- деді өз сөзінде аудан әкімі Талғат Батырұлы Мұратов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив