Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні Бесқарағай ауданында бірнеше шара ұйымдастырылуда

1-06-2023, 11:06 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгінгі мереке аясында Бесқарағай ауданының әкімі Мұратов Талғат Батырұлының бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар бүлдіршіндерге, ну орманның бөктерінде орналасқан «Елім-ай» демалыс орнында бір күндік демалыс ұйымдастырылды. 

Аталған іс-шара барысында Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Оразбекұлы Агибаев бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, арнайы әзірленген сыйлықтар табыстады. 

Сондай-ақ, балаларға арнайы театрландырылған қойылымдар мен әсем әуендер ұсынылды. Шара аяғында бүлдіршіндерге тәтті дастархан ұйымдастырылды.

Айта кететйік, бүгін Бесқарағай ауданының барлық ауылдарында іс-шаралар өткізілуде. Сонымен қатар аудан орталығында сағат 15:00-де дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ақ қайын – 2023» байқауы өткізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив