Жарма ауданында ветеринария саласы талқыланды
Бүгін Жарма ауданына жұмыс сапарымен келген Абай облысы ветеринария басқармасының басшысы Ержан Мұратбекұлы Барышевтің қатысуымен мал дәрігерлік жұмыстар бойынша жиын өткізілді.
Жиынға тиісті Жарма ауданынығ әкімі Жарқынбек Байсабыров, бөлімдер басшылары, округ әкімдері, ветеринария саласының мамандары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес аудан бойынша ветеринария саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат тыңдалды.
Басқарма басшысымен аудандағы эпизоотиялық жағдайға кеңінен сараптама жасай отырып, бірқатар кезегін күткен мәселелерді талқыладық. Оның ішінде мал сою орындарын дайындау, ветеринариялық іс-шараларды мал басына сәйкес жоспарлау, АЖБ (ИСЖ) базасымен ауылшаруашылық жануарларының санына сәйкестігін бақылауды пысықтадық. Сондай-ақ, жаңа мал сою қорымдарын салу, ішкі сауда нысандарында (базар) саудаланатын мал өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау бойынша сұрақтар көтерілді.
Аудан әкімі аталған мәселелерге байланысты тапсырмаларды сапалы түрде жүзеге асыруды жауапты басшылар мен ауыл әкімдеріне жүктеді.