Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.86 544.03 6.14

Жарма ауданының 95-жылдығына орай білім беру мекемелері арасында ХХІІІ спартакиада өтті

28-03-2023, 10:47 Думан Кенжеғазыұлы

Жарма ауданының 95-жылдығына орай білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің арасында дәстүрлі түрде өтетін ХХІІІ спартакиада ұйымдастырылды.

Жыл сайын өткізілетін​ дәстүрлі спорттық шараға барлығы 500-ге жуық педагогтері қатысып, спорттың 5 түрінен күш сынасты.

Спартакиада барысында аудан әкімінің орынбасары Р.Нұрғалиев ашылу салтанатымен құттықтап, білім саласындағы денешынықтыру мен спортты дамытуға өз үлестерін қосып, спорт түрлерінен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген ұстаздарға аудан әкімінің Алғыс хаттарын етті.

Сайыс қорытындысы бойынша: 

І-орынды Георгиевка орта мектебі;

ІІ-орынды Маяковский атындағы орта мектебі;

ІІІ орынды Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының командасы иеленді.

Спорттың жеке түрлері бойынша жеңімпаздар Жарма ауданы білім бөлімі басшысының, Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті төрағасының Алғыс хаттарымен, мадақтамаларымен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив