Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Денсаулық сақтау саласының өкілдері Жарма ауданының халқымен кездесті

30-03-2023, 15:03 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов және «Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының медициналық көмекті ұйымдастыру, ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Гүлназ Таңатарова Шар қаласы және Қалбатау ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесулерді Жарма аудан әкімінің орынбасары Р. Нұрғалиев ашып, шараның мақсатымен таныстырды. Жергілікті ауруханалар өкілдері жалпы медициналық ұйымдардың қызметі, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің түрлері, аудандардың тұрғындары үшін емдеу мекемелерінде жүргізілетін скринингтік зерттеулер туралы ақпарат берді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі ауылдық жерлерде медицинаны дамыту жоспарлары туралы, сондай-ақ медициналық мекемелерді жабдықтармен жарақтандыру туралы айтып баяндады. 

Медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры Ғ. Әбілов МӘМС-тің басым бағыттары және ауыл тұрғындары үшін МӘМС активтерімен қаржыландырылатын медициналық қызметтер, сақтандырудың жаңа балама әдісі туралы түсіндірді.

Кездесулерде халық өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын жолдап, толыққанды жауап алды. Қатысушылар негізінен медициналық қызметтер туралы, МӘМС шеңберінде қандай медициналық мекемелерде медициналық қызметтер алуға болатындығы, сондай-ақ сақтандырудың мәртебесін тексеру тәсілдері бойынша қызығушылық танытты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив