Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.86 544.03 6.14

Жарма ауданының мәслихат төрағасы болып Мейірхан Оспанбаев сайланды

30-03-2023, 16:10 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін VIII сайланған Жарма аудандық мәслихатының бірінші сессиясы болып өтті.​

Сессия отырысына Жарма ауданының ​ әкімі Жарқынбек Байсабыров, ​ аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы ​ Ж. Есенжолова, жаңадан сайланған мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы депутаттарға куәліктер ​ мен төс белгілерін табыстады.

Сессия барысында аудандық мәслихат төрағасы лауазымына Мейірхан Оспанбаевтың кандидатурасы ұсынылып, депутаттар кандидатураны бірауыздан мақұлдады.​

Аудан басшысы депутаттарды құттықтап, ел игілігі жолындағы қоғамдық қызметтеріне сәттілік тіледі.​

Сондай-ақ, сессия барысында мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары мен мүшелері сайланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив