Жарқынбек Байсабыров аудандағы тазалық жұмыстарын қадағалады
Көктем – жаңару, тазару мезгілі. Дәл осы кезеңде қыс бойы жиылған қоқыс-қалдықтарды тазартып, шығару қажеттілігі туындайды. Айналамыз таза әрі көрікті болса, елдің берекесі артады, тұрғындардың да көңілі жай. Ауыл-аймақтың көркеюі, таза келбетке ие болуы - әрбір тұрғынның өз қолында.
Бүгін Жарма ауданы бойынша санитарлық тазалық, көріктендіру мен көгалдандыру мақсатында жарияланған екі айлық барысында «Таза ауыл» экологиялық акциясы өткізілді.
Барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерде, мекеме, ұйымдарда еңбек ұжымдарының, тұрғындардың қатысуымен аумақтарды тазартып, қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді. Осыған орай, Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров Қалбатау ауылындағы көшелер мен саябақтарға, әлеуметтік нысандардың аулаларына тазалық жұмыстарының жайын қадағалап, назарға алды. Ауылдағы саябақтарда абаттандыру мақсатында ағаштар мен гүлдер отырғызылатын орындарды даярлауды округ әкіміне тапсырылды.
Тазалық екі айлығы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Аудан әкімдігі игілікті іске кәсіпкерлерді, шаруа қожалықтарын, барша тұрғындарды белсене қатысуға шақырады.