Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Жарма ауданында бокстан жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті

19-04-2023, 14:05 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Қалбатау ауылындағы Болат Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде Жарма ауданының 95 жылдығына орай, аудан әкімінің жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасында облыстық турнир жалауын көтерді.

Жарыстың салтанатты ашылу рəсімінде Жарма ауданы әкімінің міндетін атқарушы Н.Нұрғалиев  сөз сөйлеп, жас былғары қолғап шеберлерінің жеңіс тұғырынан көрінуіне ниет білдіріп, сəттілік тіледі.

Сайысқа облысымыздың Семей қаласынан, Абай, Ақсуат,  Аягөз, Бородулиха, Үржар, Ұлан аудандарынан балғын боксшылар қатысып, бақтарын сынауда

Іс-шараның басты мақсаты - жасөспірімдер арасында бокс спорт түрін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, боксшылардың спорттық шеберлігін шыңдау.

Ашылу салтанатында өнер мектебі оқушыларының арнайы дайындаған ән-би бағдарламасы көрермендердің көңілінен шықты.

Жарыстың бас төрешісі -  халықаралық дәрежедегі IBA төрешісі Қуат Құдайбергенов. Жекпе-жек барысында жас спортшылар өз шеберліктерін ортаға сатып, мықтылар анықталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив