Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Жармада Жақсылық Уәлиевті еске алуға арналған еркін күрестен республикалық турнир өтуде

28-04-2023, 15:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қалбатау ауылындағы Б.Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде​ Жарма ауданының 95 жылдығы аясында Кеңес одағының спорт шебері, Қазақстан Республикасының спорт қайраткері​ Уәлиев Жақсылық Қамбарұлын еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы ХVІ ​республикалық турнир басталды.

Ашылу салтанатында Жарма ауданы әкімінің​ орынбасары Н. Нұрғалиев жарысқа қатысушы палуандарды құттықтады. Жарма жерінде бірнеше жыл қатарынан еркін күрестен турнир өткізіп, жас спортшылардың тәжірибе алмасып, шеберлік шыңдауына ұйтқы болып жүрген турнирді ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізіп, жас спортшылардың биік шыңдардан көрінуіне тілектестік білдірді.

Іс-шара барысында ауданымыздың күрес спортын дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасының күрес федерациясының бас хатшысы Д. Сұлтановтың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Көрермендер назарына Өнер мектебінің концерттік нөмірлері ұсынылды.

Үш күнге жалғасатын жарыста еліміздің түрлі өңірлері мен Абай облысының аудандарынан еркін күреспен айналысатын 500-ге жуық ұл-қыздар бағын сынауда. Дені сау ұрпақ-ұлттың келешегі екенін ескерсек, мұндай спорттық шаралар жасөспірімдердің кәсіби деңгейін және еркін күреске деген қызығушылықтарын арттыра түсері сөзсіз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив