Бородулиха ауданында жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Бородулиха ауданының бірнеше елді мекендерінде 2023 жылы «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында республикалық, облыстық және аудандық бюджет есебінен жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында «Михайличенково ауылының Молодежная, Гагарина, Школьная көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 110 802 704 теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстары «ӨскеменСпецКоммунТранс» ЖШС мердігер ұйымы аясында жүзеге асуда. Молодежная, Гагарина көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 760 метр жолдың 145 метрде жұмыс аяқталды.
Дмитриевка ауылдық округінде ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын Гагарина, Мира көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «ӨскеменСпецКоммунТранс» ЖШС. Жобаның құны 64 605 000 мың теңгені құрайды. Қазіргі уақытта грейдерлеу жұмыстары жүргізіліп, асфальттың арматуралық қабаты төселді. Асфальт жоқ болғандықтан жұмыс уақытша тоқтатылды. Жобаның аяқталуы 2023 жылдың тамыз айына жоспарланған.
Бүгінгі күні «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жезкент кенттік округінде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жезкент кентінің Сахарова көшесінің бойындағы ұзындығы 820 метр жол мен жаяу жүргіншілер жолы жөнделді. Мердігер «ӨскеменСпецКоммунТранс» ЖШС. Жобаның құны 65023,5 мың теңгені құрап, облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Сондай-ақ, Жезкент кентінде «Тополек» және «Солнышко» балабақшаларына кіреберіс жолдарды асфальттау жұмыстары аяқталды. Жобаның құны 6 млн, аудандық бюджеттен мақсатты трансферттер есебінен бөлінген.
Буркотово ауылына кіреберіс жолын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жобаның құны 1 млрд 600 млн теңгені құрайды. Мердігер «ӨскеменСпецКоммунТранс» ЖШС ұйымы. Магистральдық жолдың 14 шақырымына асфальт жабыны төселді. Жөндеу жұмыстары 3-кезең бойынша жүріп жатыр. 4 шақырымдық қиыршық тас жабынымен жол төселді.
Аудан халқы бұл жол арқылы ендігі уақытта негізгі магистральға шыға алатынына дән риза.