Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мәслихат төрағасы Приречное, Гранитное мәселелерімен танысты

7-08-2023, 17:16 018.kz

Бүгін 7 тамыз күні Абай облысы мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменов Приречное ауылдық округі мен Гранитное ауылында жұмыс бабымен болды. 

Мәслихат төрағасымен бірге нысандарды аралауға Абай облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының партиялық бақылау комитетінің мүшесі Мерей Қарт, «Приречное» агрофирмасының директоры Мұхит Тұмабаев барып, өңірдің жағдайымен танысты. 

Алғашқы нысанның бірі болған Приречное орта мектебінде жаңа оқу жылы мен жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді. Оқу орны директорының  міндетін атқарушы Динара Абдуллина мектепте жылыжай жоқ екенін айта отырып, «Жылыжайды мектепте орнату арқылы біз оқушыларды еңбексүйгіштікке шақырамыз, өз еңбегімен таза өнім алуды үйретеміз», - дейді Динара Мұхтизаровна. Сондай-ақ білім ошағында кітапхананы жаңа талаптарға сай етіп жаңарту жұмыстарын жасау қажеттігі анықталды.

Өңірде балабақшаның жоқтығы өзекті мәселелердің бірі. Бүгінде ауылдық округте жарты күн ғана істейтін шағын орталық бар, ал мектепке дейінгі жастағы 62 бала бар екенін назарға алсақ,  мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме керектігі сөзсіз.

Сондай-ақ жұмыс тобы 1200 адамды қамтитын ауылдық округке сапар барысында қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан объектілер аралады.

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив