Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында жылқылардың жаппай улануы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

9-08-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Әлеуметтік желілерде Абай облысы, Жарма ауданының Қойтас ауылында жылқылар жаппай уланды деп таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

Облыстық ветеринария басқармасының және жылқы иесінің мәліметінше, бұл оқиға былтыр болған. Сол кезде жылқылар шұңқырға түсіп, үйір астында тапталып, суға батып кеткен.

«Біздің қыстақ Жарма ауданында болғанымен, жайлауымыз Көкпекті ауданында. Соған 21 жыл бойы бір жолмен апарамыз. Бірақ, алтын қазушылар Қойтас ауылының жанындағы өзеннің жағасын ауыр техникамен қазып тастағаны соншалық, үлкен жыралар пайда болды. Өзенді өтемін деген мың жылқы сол жыраларда кептеліп қалып, 57 жылқы суға батып кетті», - дейді «Тайлақ» шаруа қожалығының иесі Олжас Ерсінов.

Шаруашылық иесі Жарма ауданы, Қойтас ауылының маңындағы өзенде алтын өндірушілерге қатысты жергілікті халықтың наразылын жеткізді. Жергілікті халық өзеннің бойындағы жыраларды жауып, жағасын қалыпқа келтіруді сұрап отыр.

Бұл жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен облыстық прокуратура, полиция және экология департаментінің өкілдері арнайы тексеріс жүргізуге ауданға жіберілді.

Тексерістің нәтижесі туралы қосымша ақпарат беріледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив