Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.18 628.93 6.68

Облысы әкімінің орынбасары жылыту маусымына дайындықты тексерді

21-08-2023, 17:28 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жылу орталықтарына барып, алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді.

Димитрий Гариков арнайы «Центр» және «Ғаббасов» қазандықтарын аралап, жылу желін жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ,  ЦТП-9, «Центр», ЦТП-518, ЦТП-457, ЦТП-401 учаскелерін, Ұранхаев көшесіндегі ТК-1-ден Мәңгілік Ел көшесі бойындағы УТ-164/2 дейін,  Би-Боранбай көшесінен Физкультурная көшесіне дейінгі жылу магистралын, ЖЭО-1-ден П-1-ге дейінгі жылу желісіндегі жұмыстарды жіті тексерді.

Сонымен қатар, Димитрий Гариков Жамақаев көшесіндегі қоғамдық кеңістікті қалпына келтіру жұмыстарымен, Мәңгілік Ел көшесін қайта жаңғырту барысымен танысты.

Бүгінде жылыту маусымына дайындық жұмыстары қатаң бақылауға алынып, жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив