Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
521.57 601.01 6.65

Абай ауданында медициналық көмектің сапасы одан әрі арта түспек

23-08-2023, 15:49 Думан Кенжеғазыұлы

Абай ауданындағы орталық емханада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Емхананың екі қабатына да толықтай жөндеу жүргізілген. Атап айтсақ, қабырғалары қайта қалыпқа келтіріліп, едендері, есіктері ауыстырылған. Күрделі жөндеуден соң емхананың тіркеу орны, күндізгі стационар, процедуралық кабинеттер және де басқа медициналық қызмет көрсету орындары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай, заманауи үлгіде қайта жаңартылды.

Медициналық көмек көрсету үшін тәулік бойы 27 төсек-орын және 15 күндізгі стационарлық бөлме жұмыс істейтінін болады.

Бүгінде емханада 11 350 адам тіркелген. Жыл сайын 18-70 жас аралығындағы тұрғындар тексеруден өтеді. Тұрғындар емханада кәсіби медицина мамандарына жүгініп қана қоймай, диагностикалық зерттеулер, ультрадыбыстық, ЭКГ, рентген және т.б. қызметтерді ала алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив