Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.53 543.73 6.15

Үржар ауданында Конституция күніне орай салтанатты жиын ұйымдастырылды

29-08-2023, 12:51 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Үржар ауданында 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты жиын барысында аудандық мәслихаттың төрағасы Асқар Омаров және аудан әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбеков барша аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап,Үржар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келе жатқан азаматтарды марапаттап, аудан әкімінің міндетін атқарушы Ақылбек Башимбаевтың алғыс хаттарын табыстады. 

Мерекелік шара аудандық Мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив