Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Семейде 12 қыркүйектен бастап желіге №45 автобус бағдары қосылады

11-09-2023, 17:41 Думан Кенжеғазыұлы

Қала тұрғындарына қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Семей қаласында автобус бағдарының саны артады. Ертеңнен бастап №45 автобус Қарағайлы шағын ауданынан темір жол вокзалына дейінгі аралықта қала тұрғындарына қызмет көрсететін болады. 50 жолаушыға дейінгі сыйымдылығы бар, 25 орындықты үлкен класты 8 автобус №45 маршрутта қатынайды. Автобустар толықтай валидаторлық жүйеге көшіріліп, INFOBUS қосымшасына тіркелген. Сондай-ақ, автобустың бағыты көрсетілген цифрлы тақтайша орнатылған.

Бұған дейін Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аталған бағыт бойынша конкурс жариялаған болатын. Конкурс нәтижесінде шарт «ЭкоBUS»ЖШС жасалды.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов тасымалдаушы кәсіпорын өкілдерімен кездесіп, бірқатар ескертпелер жасады.

«Қоғамдық көліктің уақытылы қатынауына көңіл бөліңіздер. Автобустар желіден себепсіз шықпауы керек. Резервтегі автобустардың санын арттырыңыздар»,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив