Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Шығыс кентіндегі Усть-Каменогорская көшесінен ИТК колледжіне дейінгі көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде

21-08-2023, 13:24 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында тек қаланың орталығында ғана емес, шеткері аумақтарын да абаттандару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы, Восточный кентіндегі ИТК көшесі мен Кошкимбаев көшесіндегі жолдарға орташа жөндеу және бордюр орнату жұмыстары жүзеге асуда. Жұмыстар қыркүйек айына дейін аяқталады.

2023 жылға жалпы ұзындығы 60 км болатын 40 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Бүгінде асфальттау жұмыстары 26 көшеде аяқталды. Атап айтқанда, Стальский, Ертіс, Цветочная, Дружба, Чайковский, Мәскеу және т.б. сондай-ақ борттық тастарды ауыстыру және Шугаев, Чайковский және Құтжанов көшелеріндегі тротуарларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ,жұмыстар Затон ауданындағы Жангелдин мен Тұрғанбаев сияқты 4 көшеде жүргізілуде. Шығыс кентіндегі Қошқымбаев көшесіндегі борттық тастарды орнату және Докучаев көшесіндегі тротуарларды орнату жұмыстары жүргізеге асырылуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив