Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Семейде Шығыс кентін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

23-08-2023, 10:38 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Восточный кентіндегі ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. Қала басшысы ең алдымен кент белсенділерімен жүздесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Ағымдағы жылы Восточный кентінде ауқымды жобаларды жүзеге асыру көзделген. Атап айтқанда А.Көшкінбаева көшесін асфальттау және борттық тастарды (бордюр) ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Усть-Каменогорская көшесінен ИТК колледжіне дейінгі жолға орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Кенттегі мектепке апаратын бірнеше көшеге жарықтандыру жүргізу, қосымша қоқыс контейнерларын орнату жұмыстары жоспарға алынды. Сондай-ақ, Восточный кентіндегі Декоративная көшесінде аумағы үлкен қоғамдық кеңістіктің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде.

“Семей қаласының әкімдігі қаланың шеткері аудандарын дамыту іс-шаралар жоспарын қабылдады. Қазіргі таңда қаланың орталығында ғана емес, шеткері кенттерде 9 қоғамдық кеңістіктің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қыс маусымында іс-шаралар жоспарын әзірлеп, тұрғындармен келісіп, жаз маусымна сол іс-шаралар жоспарымен жұмыс жүргізудеміз”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Восточный кентін толық аралаған қала басшысы санитарлық тазалыққа қатысты қала әкімінің бас инспекторына тиісті тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив