Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семей қаласының әкімі Восточный кентінің тұрғындарымен кездесті

24-08-2023, 18:45 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов ең алдымен кент белсенділерімен жүздесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Жиынға барлық мекеме, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Кент тұрғындары алдында есеп берген Нұрбол Төлегенұлы қала тұрғындарың алаңдататын ең өзекті мәселелерге де тоқталды. Көбінесе тұрғындар қоғамдық көлік, ТКШ жұмысына шағымданады және әлеуметтік мәселелер бойынша жүгінді.

Кездесу барысында қала әкімі көтерілген мәселелердің барлығы да өзекті екенін, бәрі де ретімен жүзеге асатынын, жиында айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша хаттама түзілгенін, алдағы уақытта жоспар түзіліп, ол бойынша атқарылған жұмыстар әлеуметтік желілерде жарияланатынын түсіндіріп, жиынды қорытындылады.

Ағымдағы жылы Восточный кентінде ауқымды жобаларды жүзеге асыру көзделген. Атап айтқанда А.Көшкінбаева көшесін асфальттау және борттық тастарды (бордюр) ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Усть-Каменогорская көшесінен ИТК колледжіне дейінгі жолға орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Кенттегі мектепке апаратын бірнеше көшеге жарықтандыру жүргізу, қосымша қоқыс контейнерларын орнату жұмыстары жоспарға алынды. Сондай-ақ, Восточный кентіндегі Декоративная көшесінде аумағы үлкен қоғамдық кеңістіктің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде.

“Семей қаласының әкімдігі қаланың шеткері аудандарын дамыту іс-шаралар жоспарын қабылдады. Қазіргі таңда қаланың орталығында ғана емес, шеткері кенттерде 9 қоғамдық кеңістіктің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қыс маусымында іс-шаралар жоспарын әзірлеп, тұрғындармен келісіп, жаз маусымна сол іс-шаралар жоспарымен жұмыс жүргізудеміз”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив