Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Семейде аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде

22-08-2023, 10:24 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында жоспарланған аула аумақтарын уақытында аяқтау мақсатында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр күн сайын құрылыс жүріп жатқан аумақтарды тексеріп, жұмыс барысын қадағалайды.

Бүгін қала әкімі мердігер ұйымдарының басшыларымен Аймауытов 180, Шәкәрім 86, Глинки 30-32, Түріксіб 51-53, Қостанай 1б, Би Боранбай 45а тұрғын үй аулаларындағы жүріп жатқан жұмыстарды тексерді.

"Аула аумақтарын абаттандырумен қатар, тазалық шараларын да қатаң қадағалау керек. Ең алдымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Ағымдағы жылы 70-ке жуық аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары көзделген. Қалада бірнеше тұрғын үй аулаларында құрылыс қарқыны бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, футбол алаңдары мен қоршаулар орнатылған. Жақын уақытта бірнеше аула тұрғындардың игілігіне берілетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив