Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семейде Сабантой мерекесі жоғары дәрежеде аталып өтті

27-08-2023, 17:03 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласының Бейбітшілік арплында «Сабантой» татар- башқұрт халқының ұлттық мерекесі аталып өтті. Сабантой - қаламызда тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіретін дәстүрлі мейрамға айналған. Мереке татар халқының көп жылдық дәстүрлерімен таныстырып, ұлт достығын нығайта түсуде. Осылайша, еңбек пен достықтың мерекесі бар сән-салтанатымен аталып өтілуде.

Мерекелік шара барысында татар-башқұрт халықтарының ұлттық тағамдары, викториналық сұрақтар, әртүрлі тақырыптағы көрмелер ұсынылды.

Шара барысында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ынтымағы мен берекесі жарасқан татар халқын  бүгінгі айтулы мерекелерімен құттықтай отырып, еліміздің дамуы мен нығаюына сүбелі үлес қосып жүргендерге өз алғыс, құрметін білдірді. 

“Бүгін, ынтымағы жарасқан, киелі өлкеде «Сабантой» өтіп жатыр.Халқымызды бейбітшілік пен достыққа, тұрақтылық пен тату тірлікке шақыратын бұл мереке біздер үшін аса қымбат!
Көпұлтты халқымыздың жасампаз еңбегі мен ынтымақ-бірлігі жасай берсін!”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Сондай- ақ, Семей қаласының Татар қауымдастығын өкілі Д. Ахунжанов та мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шара қалалық мәдениет сарайының өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен ұласты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив