Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.18 628.93 6.68

Жаңа аулалар қоғам игілігіне берілді

28-08-2023, 11:05 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семейде Түріксіб 53, Қостанай 1 Б мекенжайындағы тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып, тұрғындардың қолданысына берілді.

Аулалардың салтанатты ашылуына Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов , қалалық мәслихат депутаттары қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Айта кету керек, аулаларды абаттандыру кезінде жерасты желілері түгелдей ауыстырылылады.

Балаларға арналған ойын алаңдары және футбол, баскетбол алаңдары жабдықталады.

“Қаламызда 576 аула бар. Оның тек 7-8%-ы ғана абаттандырылған. Ағымдағы жылы Семей қаласында 70 аула аумағын абаттандыру жұмыстары жоспарланған. Біз жыл сайын кезең-кезеңімен аулаларды жөндесек, 5 жыл ішінде айтарлықтай жетістікке қол жеткіземіз. Сонымен қатар, аулалардағы жерасты желілерінің де тозығы жеткен. Аулаларды жөндеу кезінде жерасты желілерін жөндеуге баса назар аудардық”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Барлық аулада балақайларға арналып мерекелік концерт ұйымдастырылды. Қала әкімдігі атынан арнайы аниматорлармен көңілді ойындар ұйымдастырылып, балақайларға тәтті сыйлықтар да таратылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив