«Пончиктерді жылдам жеу» жарысы өтті
Семей тұрғындары бүгін қала күнін кең ауқымда тойлап жатыр. Қала күні қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған түрлі сайыстар өткізілді. Соның бірі - «Пончиктерді минутқа жылдам жеу» көңілді жарысы. Сайыстың мақсаты - бес дана пончикті жылдамдыққа жеу. Жарыс 18-30, 30-50 жас арасындағы ерлер мен әйелдер арасында өтті. Байқауға 100-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Көңілді сайысты қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов та тамашалады.
Жарыс қорытындысы нәтижесінде 18-30 жас аралығындағы ерлер арасында 2 мин 57 секундта жылдам нәтиже көрсеткен Жарқын Кикбаев 1 орынды иеленсе, 30-50 жас аралығында қатысқан қатысушылардың ішінде 2 мин 19 секундта Оралбек Сарбасов жеңімпаз атанса, әйелдер арасында 42 секундта пончиктерді жылдам жеген Іңкәр Есетқызы бас жүлдеге ие болды. Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.