Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Семейде алғаш рет «Бір ауыл-бір өнім» жәрмеңкесі өтті

25-09-2023, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

«Мен Кәсіпкер» кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында Семейде «Бір ауыл – бір өнім» жәрмеңке-көрмесі өтті. Жобаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін арттыру.

Жобаның ерекшелігі жәрмеңкеге тек кәсіпкер әйелдер қатысады. Жәрмеңкеге 15 қатысушы қатысып, жергілікті шикізаттан жасалған түрлі өнімдерді ұсынды.

Көрмеде тігін, киіз және жүннен жасалған бұйымдар, ойыншық, киім, көмір, сабын, тұрмыстық химия өнімдері, қымыздан жасалған балмұздақ және тағы басқа тауарлар қойылды.

Мұндай бастама жергілікті кәсіпкерлерді дамытумен қатар, ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарының ашылуына, өз кезегінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив