Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семей өңірінде дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы

26-09-2023, 18:19 Жұлдызай Кәкімова

Ағымдағы жылы Семей қаласында 350-ден астам бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл туралы спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Дюсенбаев мәлімдеді. Оның сөзінше, 2023 жылы бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес бүгінгі таңда 350 – ден астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

“Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 2023 жылы Семей қаласының тұрғындарын дене шынықтыру және бұқаралық спортпен шұғылдануға тарту бойынша арнайы жоспары бекітілді. Осы жоспарды орындау мақсатында қалалық бюджеттен ақшалай қаражат бөлінді. Жоспарға сәйкес қала 5 орынға бөлініп, әр жерден аптасына 2 рет барлық жастағы қала тұрғындарына арналған тегін «Спорт барлығы үшін» жобасы іске қосылды. Яғни келесі спорт түрлері бойынша сауықтыру іс-шаралары өткізілед: «Йога», «Кроссфит», «Зумба», «Жүгіру», «Скандинавиялық серуендеу». Іс-шара 2023 жылдың шілде-қазан айлары аралығын қамтиды”,- деді Бауыржан Дюсенбаев.

Қалада 73 спорт түрі дамыған, оның 30 олимпиадалық спорт түрлері. Айта кететін тағы бір жайт, 2023 жылы алғаш рет ескі жағалауда дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен ARBLEAGUE «Ертістегі шайқас» турнирі өтті. Бұл турнирге Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Риддер қалаларынан және Абай облысының жақын аудандарынан 100-ден астам спортшы қатысты.

Сондай-ақ, биыл жастар жиі қызығушылық танытатын “ARBLigaSemey”, “керлинг”, “DragRacing” сынды спорт түрлерінен сайыстар мен ұлттық спорт түрлерінен қазақ күресі, жекпе-жек, бәйге өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив