Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.17 550.06 4.93

Аягөзде сары аурудың алдын алу бойынша іс-шараларды енгізу туралы отырыс өтті

3-08-2023, 16:37 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Аягөз ауданының әкімі С. Ысқақовтың төрағалығымен ауданда сары аурудың алдын алу бойынша іс-шараларды енгізу туралы отырыс өткізді.

Отырысқа Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасының бас дәрігері Ш. Омаров, Аягөз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Г. Айдарханова, Аягөз ауданының полиция бөлімі бастығының м.а. Е. Дайырбеков, «Қазығұл» емдеу мекемесінің бас дәрігері М. Шапиев, Аягөз ауданы бойынша білім бөлімі басшысының м.у.а. Э. Тлеубаева қатысты.

Отырыс барысында, аудан әкімі қазіргі уақытта ауданымызда анықталған вирусты ары қарай болдырмай, вирусты алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітіп, жоспар бойынша тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарын жедел түрде күшейтуді тапсырды.

Алдағы уақытта, бекітілген жоспар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары, медицина қызметкерлері және полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып жұмыс атқаратын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив