Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Бобровка мен Мұрат саяжайлары тұрақты электр қамтамасыз етіледі

6-10-2023, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Екі массивте жарықтандыру, жаңа ойын мен футбол алаңын орнату жұмыстары жалғасуда. Жалпы, саяжай алқаптарын абаттандыру жоғары қарқынмен жүргізілуде. 

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың айтуынша, аймақтардың басты проблемасы инфрақұрылымның болмауында.

- Бұрындары аумақта аялдамалар мен жол белгілері болған жоқ. Биыл біз бұл мәселені пысықтадық. Массивтерді электрмен жабдықтау бойынша екі сараптпма жобасы әзірленді. Мұрат саяжайы бойынша конкурс жарияланды. Жақында Бобровка саяжайы бойынша сараптама алынды. Ендігі кезекте инженерлік желілерді салу бойынша конкурс жарияланатын болады. Жұмысты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына немесе біріккен Энергосервистік компанияға тапсырамыз, - деп атап өтті қала басшысы. 

Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов биыл саяжай алқаптарындағы электрмен қамту мәселесі шешілмейтінін, бірақ барлық жоба әзірленгенін айтты. 

- Биыл бұл мәселе шешілмейді, бірақ жобалар әзірленген. Саяжай алаптарының мәртебесі бас жоспар бекітілгеннен кейін өзгереді. Қазіргі кездегі ең негізгі мәселе – электр энергиясы. Қазір саяжай алқаптарының төрағалары мүлікті қосымша жалға алуды талап етуде. Бірақ саяжай аумағының ұлғаюына байланысты қуат көзі жетіспейді. Алдағы уақытта трансформаторлық қосалқы станциялар мен инженерлік желілер орнатылады. Жаңа желілерде шығындар өте аз болмақ, - деді Нұрбол Нұрсағатов. 

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев массивтерді қала аумағына енгізер алдында міндетті түрде жария талқылау болатынын атап өтті. 

- Егер біз массивті қала аймағына енгізуді бастасақ, үйлер саяжайға ауысады. Барлық техникалық-экономикалық көрсеткіштер алдын-ала қаралып, жол торы есептелетін болады. Міндетті түрде қоғамдық талқылау ұйымдастырылады, - деп қорытындылады Нұрлан Ұранхаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив