Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Семейде 50 жас көшет отырғызылды

23-10-2023, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Республика күні қарсаңында Семей қаласының жастар ресурстық орталығы мен қаламыздың белсенді жастары "Жаңа Қазақстан. Таза табиғат" акциясы аясында Қарағайлы ықшам ауданында 50 жас көшет отырғызды.

Аталмыш іс- шара Республика күніне орай жастарды табиғатты аялауға, құрметтеуге шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Осындай іс-шараларға табиғатқа жанашыр ұрпақты тарту жұртшылық арасында экологиялық сананы арттыруға, сондай-ақ экологиялық бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Семей қаласының әкімдігі ағымдағы жылы 25 қазан - Республика күніне орай 200-ден астам іс-шараларды ұйымдастырылды. Алдағы аптада негізгі мерекелік шаралар өткізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив