Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семей қаласының әкімдігі желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді

23-10-2023, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Соңғы күндері мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2023 жылғы 24 қазан мен 8 қараша аралығында қашықтықтан оқытуға көшу мүмкіндігі туралы ақпарат, сондай-ақ осы жағдайға байланысты митингілер туралы мәлімдемелер пайда болды. 

Аталған хабарламаны Семей қаласының әкімдігі жоққа шығарды. 

Әкімдік бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және оқу процесі әдеттегідей жалғасатынын хабарлады. 

Естеріңізге сала кетейік, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат тарату заңды жауапкершілікке, соның ішінде бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив