Абай ауданындағы екі ауылда су құбыры қайта жөндеуден өтеді
Бұл туралы Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Нұржан Әбдікәрімов мәлім етті.
Абай облысының бұл ауданы сумен 100 пайыз қамтамасыз етілгендіктен, ендігі міндет оны жұмыс жағдайында ұстау болып табылады. Осы мақсатта 2023 жылға дейін су құбыры желілерін қайта жаңғырту жоспарлануда.
– Мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы Қасқабұлақ ауылындағы су құбырын қайта жаңғыртуға конкурс жарияланды. 10% қолма-қол ақша бөлінді. Сонымен қатар, Архат ауылындағы су құбырын қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге конкурс жарияланды,- деп атап өтті Нұржан Әбдікәрімов.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына Қарауыл, Көкбай, Саржал, Тоқтамыс ауылдарын субсидиялау туралы өтініш берілген. Субсидиялау 2023 жылдың ақпан айынан басталады. Ауылдық округ тұрғындары судың текше метрін 45 және 60 теңгеден төлейтін болады.
Тағыда оқыңыз