Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Шәкәрім университеті атақты математиктің 100 жылдығын атап өтті

27-10-2023, 16:41 SHAKARIM UNIVERSITY

Бүгін Шәкәрім университетінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Төлеубай Ыдырысұлы Амановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Функциялар теориясы, функционалдық талдау және олардың қолданылуы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция жұмысына Ресей және Қазақстанның түкпір-түкпірінен атақты физика-математика саласының ғалымдары, оқытушылары, ізбасарлары мен білім алушылар қатысты.

Жиынды Басқарма төрағасы Думан Орынбеков ашты. Конференцияда отандық және шетелдік ғалымдар 80-ге жуық баяндама жасады. Пленарлық мәжілісте физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Берікханова Гүлназ «Т.Ы.Амановтың өмірі мен қызметі және оны дәріптеу», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Оспанов Кордан «К теории дифференциальных уравнений с неограниченными коэффициентами», Алтай мемлекеттік педагогикалық университетінің физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Поликанова Ирина «Некоторые функциональные уравнения от функций многих переменных», Астана халықаралық университетінің Математика және математикалық модельдеу институтының PhD Нұрахметов Дәулет «Айнымалы коэффициентті төртінші ретті дифференциалдық теңдеулерге қойылған шекаралық есептердегі симметриялық эквиваленттік» тақырыптарында баяндама жасады.

Алқалы жиында зерделі ғалымдар Төлебай Ыдырысұлының Қазақ ғылым академиясының математика және механика институтында функциялар мен функционалдық талдау теориясы зертханасы қалыптасқандығын, оның математикалық физиканың қиырсыз кеңістігінде жасаған теориясы – жалпы ғылым саласына елеулі жаңалық екендігін ерекше атап өтті. Бүгінгі таңда Шәкәрім университетінде Төлеубай Амановқа арналған дәріс аудитория қызмет жасайды.

Конференция барысында ғалымдар математика саласындағы заманауи ғылыми зерттеулерімен бөлісті.

Төлеубай Аманов – әлемге танымал ғалым, функциялар теориясы және функционалдық талдау саласындағы атақты маман. Ол елімізде отандық математика ғылымының дамуына зор үлес қосты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив