Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Абай облысының еріктілері 29 көшені орталықтандырылған сумен жабдықтауға көмектесті

30-10-2023, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еріктілері өңірдің ауылдық жерлерінде салынған су құбыры құрылыстарына мониторинг жүргізу аясында Мақаншы ауылының 29 көшесін орталықтандырылған сумен жабдықтауға көмектесті.

Бұған дейін еріктілер 93 елді мекен тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмегенін анықтады.

Аталған мәселе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланып, оларды шешу үшін жұртшылықтың қатысуымен экспресс-мониторинг жүргізу қолға алынды.

Мысалға, Мақаншы ауылдық округінде қазірдің өзінде 33 көшеде құбыр магистралі төселген. Ағымдағы жылғы қараша айының соңына дейін 21 көшеде жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, Қаратұма, Көкөзек ауылдарында жерасты сулары қорының азаюйына байланысты 2017 жылы салынған су құбырлары консервациялауға жабылды. Қазіргі уақытта ауызсу ескі ұңғымалардан жеткізілуде.

Облыс еріктілері аталған бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив