Халық қатысатын бюджет
Семей қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 ақпандағы № 220 қаулысымен Сараптамалық кеңестің құрамы және Сараптамалық кеңес және халықтың қатысу бюджеті шеңберінде жобаларды іске асыру туралы ереже бекітілді.
Хабарландырулар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, қала әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/bnu/369?lang=ru интернет-ресурсында орналастырылды.
Қала тұрғындарынан «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысу үшін жалпы құны 429 000 мың теңгені құрайтын 15 жобалық ұсыныс түсті.
2022 жылдың 30 наурызында сараптамалық кеңестің отырысы өтті, онда отырысқа қатысушылар алқалы түрде тұрғындарға 15 жобалық ұсыныс бойынша дауыс беруге рұқсат беру туралы шешім қабылдады.
Қала тұрғындарына дауыс беру 2022 жылдың 27 наурызы мен 28 сәуірі аралығында өтті.
Қала тұрғындарының дауыс беру қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңес 14 жобаны жүзеге асыруға рұқсат беру туралы шешім қабылдады.
2023 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» аясында жалпы сомасы 399 000 мың теңгеге 14 жобаны іске асыру мақұлданды, оның ішінде:
2023 жылдың I тоқсаны
Жұмыстың әлеуетті жеткізушіні анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жарияланды.
2023 жылдың II тоқсаны
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысы бойынша ашық конкурстың жеңімпазы болып «Verena Tech Research» ЖШС анықталды. Жалпы сомасы 244 499,9 мың теңгеге келісім-шарт жасалды. Демонтаждау жұмыстары басталды.
2023 жылдың III тоқсаны
Түрксіб көшесі 51, 53, Қашаубаев 2, 2А және Қостанайская 1Б, Глинки көшесі 30,32,34 бойында балалар ойын алаңы мен спорт алаңын орнату және асфальт жабындарын төсеу арқылы аула аумағын абаттандыру жобалары аяқталды. Сонымен қатар, Глинки көшесі, 54А мекенжайында балалар ойын алаңы орнатылды. Қалған 10 жоба аяқталу сатысында.