Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Астана қаласында өткен Абай облысының жәрмеңкесінде Семей қаласының кәсіпкерлері де өз өнімін ұсынды

10-10-2023, 16:22 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 7-8 қазан күндері Астана  қаласында   облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен Абай облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Семей қаласының тауар өндірушілері де қатысты. Жәрмеңкеге - ет өнімі – 20,0 тонна: оның ішінде - жылқы еті – 10,0  тонна - сиыр еті – 7,0 тонна - қой еті – 3,0 тонна - колбаса «Арай EASTFOOD» ЖШС – 2,0 тонна - сүт өнімдері «Калиханұлы» шаруа қожалығы – 2,0 тонна - ұлттық тағамдар ТОО «Адал Ас» - 1,0 тонна - қымыз – 250 литр - сары май –100 кг - шемішке майы – 250 литр - картоп, көкөніс дақылдары – 10,0 тонна көлемде өнім апарылып сатылды. Жәрмеңкеде Семей қаласына қарасты тамақ өндіру кәсіпорындармен қатар «Қайнар Агро», «Агро Мир», «Кирилл», «Лаура», «Арман», «Хан», «Уміт», «Дар» шаруашылықтарының картоп, көкөніс өнімдері елорда халқынс арзандатылған бағамен ұсынылды. Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Нұрғалиевтің айтуынша, аталмыш жәрмеңкеге астаналықтардың қызығушылығы жоғары болды. Әсіресе ет пен күнбағыс дақылдарын сатып алуға тұрғындар ерекше белсенділік танытқан.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив