Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Нұрбол Нұрсағатов Алғабас ауылының тұрғындарымен кездесті

16-10-2023, 11:42 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Алғабас ауылының тұрғындарымен кәсіпорын басшышалырмен кездесті. Кездесуге келген халық нашар экологияға шағымданып, Берқара кен орнындағы шығарындылар нормаларын өлшеуді сұрады. Қала әкімі Абай облысының экология департаментінің мамандары кен орнында барып өлшемдер жүргізгендігін, кен орны экологиялық талаптарға сай жұмыс істеп жатқандығын жеткізді. Айта кетейік, Алғабас ауылына ағымдағы жылы қалалық бюджеттен 90 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде нақты жобаларды жүзеге асыруға 52 млн теңге қарастырылған. Қазіргі таңда Алғабас ауылында спорт алаңын салу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қысқы спортты дамыту мақсатында әкімдік ғимараты алдынан мұз айдынын салу  жұмыстары жүргізілді. Алғабас ауылының шетіндегі балалар саябағын заман талабына  сай қоршау орнату үшін қаражат бөлініп, жұмыстарды «Еңбек-Семей» мердігер ұйымы  істеді. Сондай-ақ, Ауылдық әкімдік ғимаратын  санитариялық торапты су құбыры кәрізін өткізу жоспарланды.

"Айта кететін тағы бір жайт, ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін СМУ «Шығыс» мердігерлік ұйымы ұзындығы 15 км болатын су құбырларын жүргізіп, биылғы жылы жоспарланған барлық жұмыстарды аяқтады. Келер жылы Алғабас ауылдық округінің тұрғындары таза ауыз сумен толық қамтылатын болады",- деді Нұрбол Нұрсағатов Алғабас ауылының тұрғындарымен кездесуінде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив